Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әңгіме

27.09.2023

2023 жылғы 27 қыркүйекте Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің акт залында колледж студенттері мен Есіл ауданының оқушыларының СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Андагулова Сәуле Тыныштыққызымен кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы білді. Өз сөзінде Сәуле Тыныштыққызы ұрлық, нашақорлық, бопсалау, дене жарақатын келтіру, қорқыту сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік жайлы сөз қозғады. Кездесуде жолдардағы балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, сондай-ақ адамның азаматтық ұстанымын қалыптастырудың маңыздылығы туралы тақырып қозғалды.



Текст
Виртуальная приемная